Испания премьер-лигасының матчіндегі төбелестен кейін "Атлетико Мадрид" пен "Барселона" футболшылары алаңнан қуылды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Кездесудің 92-минутында Стефан Савич пен Ферран Торрес алдымен допқа таласты, кейін екеуінің арасында жанжал шығып, аралас жекпе-жекке ұласты.
Бәсекелестер жерге құлап, бір-бірімен алысты. Торрес тіпті қарсыласының шашына жабысып үлгерді.
Кездесу төрешісі екі ойыншыға да қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан шығарып жіберді. Желі қолданушылары ойыншылардың бұл қылығына түрлі пікір қалдырып үлгерді.
"Олар бір-біріне деген қарым-қатынастарын көрсетті", "Бұл реслингтен шыққан нәрсе", "Ферран Торрестің маусымдағы ең жақсы сәті". "Бүкіл матчтегі ең қызық сәт", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!