Беларусь құрамасы сапында бақ сынайтын этникалық қазақ спортшы Динара Әлімбекова шаңғыдан Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті. Ол спринт жарысында берілген қашықтықты еш мүдірмей өткен.
Мылтық атудан мүдірмей, мәре сызығын бірінші кескен Динара Әлімбекова жеңімпаз атанды. Ал 8,5 секундқа қалып қойған норвегиялық Тирил Экхофф екінші орын алды. Үштікті неміс өкілі Франциска Пройсс түйіндеді.
Динара Әлімбекова – Олимпиада ойындарында жүлде алған тұңғыш қазақ қызы. Ол 2018 жылы Пхенчхандағы қысқы додада эстафеталық сайыста Беларусь құрамасының қоржынына алтын жүлде салды.
Спортшы қыз Қарағанды облысы Абай ауданында 1996 жылы дүниеге келген. Әкесі – қазақ, анасы орыс ұлтынан. Динара 3 жасқа толғанда ата-анасы Беларусь еліне қоныс аударған.