Бекман Сойлыбаев Түркияда өзбектен шыққан "Тайсонмен" жұдырықтасады

Кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев (17-1, 8 КО) Трабзонда (Түркия) өзбек боксшысы Мырзамұхаммед Хикматуллаевпен (9-5, 6 КО) қолғап түйістіреді. Бокс кеші 2 желтоқсан күні өтеді. 

Қазақстандық боксшы екінші жартылай жеңіл салмақта WBA Inter-Continental чемпиондық атағына ие. Жекпе-жек те осы салмақ дәрежесінде өтеді және 10 раундқа жоспарланған. 

Мырзамұхаммедті Өзбекстанның спортсүйер қауымы "кіші Тайсон" деп те атайды. 

33 жастағы қазақстандық боксшы биыл үшінші жекпе-жегіне шығады. Тамыз айында Бекман Ташкентте украиналық Александр Егоровты үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп шыққан болатын. Ал наурыз айында филиппиндік Дженел Лаусаны уақытынан бұрын ұтқан еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!