Adidas компаниясы Predator Mania кроссовкалар моделінің жаңа үлгісін жасады. Аталған модель 2002 жылы сәнге айналған болатын. Оған сол жылғы Әлем чемпионатына талай жасөспірімнің кумиріне айналған Дэвид Бекхэмнің Predator Mania кроссовкаларын киіп шығуы себеп болды.
Алғаш рет Mania моделі 1994 жылы шығарылды. Predator кроссовкаларының басқа да18 үлгісімен бірге Mania моделі футболшылар мен футбол жанкүйерлерінің арасында кең қолданысқа ие болды.
Оның 2017 жылғы жаңа үлгісі синтетикалық былғарыдан жасалған. Ал, Бэкхемнің сүйікті кроссовкалары алғашында кенгуру терісінен тігінген болатын. Аталмыш модельдің бірден көзге түсетін ерекшеліктері (қара, ашық қоңыр түсі мен қызыл тілі) бұрынғы күйінде сақталған.