Батырхан Төлеуғали таеквондодан әлем чемпионы атанды

Батырхан Төлеуғали таеквондодан әлем чемпионы атанды
Фото: ҰОК

Таеквондодан Кенияның Найроби қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батырхан Төлеуғали әлем чемпионы атанды. Қазақстандық спортшы 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік шықты.

Финалда Төлеуғали ирандық Мохаммад Ализадені жеңді.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында қазір үш жүлде бар. Бұған дейін Бейбарыс Қаблан чемпион атанса, Тамерлан Тілеулес қола медаль иеленген еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget