Батырхан Төлеуғали Гран-при финалында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Астанада өтіп жатқан Гран-при сериясының финалында екінші орын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың ақтық бәсекесінде ирандық Радин Зейналимен жолықты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша ирандық таеквондошы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, қазақстандық таеквондошы финалға дейін үш қарсыласын жеңді. Олардың қатарында 2025 жылғы әлем чемпионы, бразилиялық Энрике Маркес Родригес те бар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!