“Басты мақсат - Азия ойындары“. Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері алдағы жоспарды айтты

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 2026 жылы өтетін басты додаларға дайындықты бастап кетті. Бұл туралы Ұлттық құраманың бас бапкері Нұржан Насанов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, биыл негізгі мақсат - Азия чемпионаты және Азия ойындары.

"Әр жарысқа арнайы әзірленген дайындық жоспары бар. Азия ойындарына дейін жоспарлы түрде дайындаламыз. Қазір алғашқы цикл аяқталды. Бірінші оқу-жаттығу жиыны "Алма-Тау" орталығында, екіншісі Испанияда өтті. Кейін жарысқа қатыстық. Әр цикл екі оқу-жаттығу жиыны мен бір жарыстан тұрады", - деді ол.

Сонымен қатар, АҚШ-та оқу-жаттығу жиындары жоспарланған. Соңғы оқу-жаттығу жиыны Жапонияда ұйымдастырылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!