Қыркүйектің 23-і күні Медеу шатқалындағы селден қорғау бөгетінде Спорттық Алматы бағдарламасы аясында дәстүрлі Баспалдақ-2018 жүгіру жарысы өтеді. Жарысқа 7 жастан асқан кез келген әуесқой, сонымен қатар, отбасылық командалар (медициналық рұқсат қағазымен) қатыса алады. Ең жас және ересек спортшылар (7-12 жас аралығындағы балалар және 60-тан асқандар) 100 сатыны бағындыруға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, қатысушылар 100, 200, 300, 500 және 841 сатыдан жүгіру арқылы бақ сынайды. Қатысу тегін. Тіркелу белгіленген жерде сағат 08:00-ден басталады. Спорттық шара салтанатты ашылу рәсімінен кейін сағат 10:15-те басталып, әр жас санаты бойынша 10-15 адамнан белгілі бір уақытта жіберіледі. Барлық жас ерекшеліктеріне байланысты анықталған топтардан жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болады. Олар медаль және дипломдармен марапатталады, ал белсенді қатысушыларға жарыс ұйымдастырушылары мен серіктестері атынан сыйлықтар табысталады.