"Барыс" хоккей клубы Ярославльде "Локомотив" командасын ұтып, төртінші ойын қатарынан жеңіске жетті. Бұл ойында аутсайдер саналған елордалық команда нағыз сенсация жасады.
Ойынды мұз айдын иелері ширақ бастады. Александр Полунин мен Александр Елесин соққан шайбалардан кейін есепте алға шыққан. Бірінші кезең аяқталғанға дейін "Барыс" бір шайба соғып үлгерді. Энтони Камара мергендігімен көзге түсті.
Екінші кезеңді елордалық команда жинақы өткізді. Шабуыл кезіндегі өз мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланды. Нәтижесінде Давид Скленичка мен Джозеф ЛаБейттің шайбасынан кейін есепте алға шықты.
Үшінші кезеңде де командалар өз мүмкіндіктерін қалт жібермеді. 51-минутта Александр Волков есепті теңестірді. 56-минутта Энтони Камара "Барысты" екінші рет есепте алға шығарды. Бірақ негізгі уақыттағы жеңісті сақтап қала алмады. Ойынның аяқталуына бір минут қалғанда "Локомотив" сапынан Рушан Рафиков есепті теңестіріп кетті.
Ойын соңындағы буллит сериясында "Барыс" хоккейшілері жеңіске жетті. Нәтижесінде 5:4 есебімен басым болып шықты. Елордалық команда келесі ойынын 5 қаңтар күні сырт алаңда "Тракторға" қарсы өткізеді.
Айта кетейік, "Барыс" осыған дейін "Трактор" (5:1), "Авангард" (5:1) және "Сочи" (3:2 ОТ) командаларын ұтқан болатын.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!