“Барыс“ - “Салават Юлаев“: ойынды қайдан көруге болады?

“Барыс“ - “Салават Юлаев“: ойынды қайдан көруге болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Бүгін, 10 қаңтарда, "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында үфілік "Салават Юлаевпен" ойнайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Барыс" - "Салават Юлаев": ойынды қайдан көруге болады?

Кездесу Уфада (Башқұртстан) өтеді және Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады.

Ойын тікелей эфирде Qazsport телеарнасында көрсетіледі. Трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.

"Салават Юлаев" Шығыс конференциясында 7-орында, команда еншісінде 43 матчте 42 ұпай бар.

"Барыс" 10-орында, команда 44 матчте 36 ұпай жинаған.

Клубтың баспасөз қызметінің айтуынша, капитан Кирилл Савицкийдің жарақатына байланысты қатардан шыққан. Алайда құрамға екі шабуылшы қайта оралды - Эмиль Галимов пен Семён Симонов.

"Командаға Эмиль Галимов қосылды, ол жуырда әке атанды. Сондай-ақ, Семён Симоновтың да құрамға қайта оралуы әбден мүмкін. Ал Кирилл Савицкий, керісінше, алдағы кездесулерде "Барысқа" көмектесе алмайды. Капитан жарақат алды", - делінген клуб мәлімдемесінде.

Кейінгі матчте "Барыс" Қазанда "Ақ Барстан" 1:3 есебімен жеңіліп қалды: соңғы минуттарда шайбаны бос қақпаға өткізіп алды.

Бұған дейін елордалық "Барыс" бес хоккейшімен келісімшартын ұзартқаны белгілі болған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget