“Барыс“ маусымда алғаш рет екі ойын қатарынан жеңіске жетті

“Барыс“ маусымда алғаш рет екі ойын қатарынан жеңіске жетті
Фото: "Барыс" ХК

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын "Барыс" осы маусымда алғаш рет екі ойын қатарынан жеңіске жетті, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

Елордалық команда құрамдағы реформадан кейін ұпай ала бастады. Өткен турда Минскіде "Динамодан" басым болса, бүгін Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері сырт алаңда "Сібір" клубын 3:1 есебімен ұтты.

"Барыс" сапында Әділ Бекетаев, Антон Бурдасов және Иван Николишин шайба соқты.

Елордалықтар келесі матчын 29 қазан күні "Куньлуньге" қарсы өткізеді.

О. Сансызбай
Logotype Massaget