“Барыс“ хоккей клубының бас директоры отставкаға кетті

“Барыс“ хоккей клубының бас директоры отставкаға кетті
Фото: "Барыс" ХК баспасөз қызметі

Жеңілістен көз ашпаған "Барыстың" бас директоры отставкаға кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Себебі – қазақстандық клуб биыл да турнир кестесінде соңғы орында. 

Бұл туралы Астананың "Барыс" хоккей клубының әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жарияланды. 

"Иванищев Борис "Барыс" хоккей клубының бас директоры қызметінен кетті", – делінген.

Еске салайық, Иванищев 2018 жылғы 59 жасында "Барыстың" президенті болып тағайындалған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева
Logotype Massaget