Бүгін, 23 қарашада, астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында кезекті матчін өткізеді. Қарсыласы – омбылық "Авангард", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кездесу Астанада өтеді және жергілікті уақыт бойынша 17:00-де басталады. Ойынды Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді, трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.
Бұл ойынға қазақстандық клуб үш матчтық жеңіс сериясымен келіп отыр. Бұған дейін ярославльдік "Локомотивті" (4:0), "Сочиді" (2:1, ОТ) және уфалық "Салават Юлаевты" (2:1) жеңген.
"Барыс" 27 ұпаймен Шығыс конференциясы кестесінде сегізінші орында, ал "Авангард" 37 ұпай жинап, үшінші орында тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!