"Барселонаның" бас бапкері Ханси Флик қақпашылар позициясына қатысты қатаң шешім қабылдады. Бір кездері шұғыл түрде командаға шақырылған тәжірибелі қақпашы Войцех Щенсный негізгі құрамға қайта оралу мүмкіндігінен айырылды. Ол жұмысқа деген көзқарасын өзгертпесе, ойын уақытына да ие болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
El Nacional мәліметінше, Ханси Фликтің мұндай қатаң шешім қабылдауына Войцех Щенсныйдың жаттығуы себеп болған.
Бапкерлер штабы поляк қақпашысының зейініне, жаттығуға деген жауапкершілігіне және физикалық дайындығына көңілі толмайды. Ханси Фликтің пікірінше, қазір Войцех Щенсныйдың деңгейі команда талаптарынан әлдеқайда төмен.
Каталониялық клубтың негізгі қақпашысы ретінде Жоан Гарсия бекітілді. Ол Ханси Фликтің сеніміне толық ие болған.
Неміс маманы қосалқы қақпашы негізгі қақпашыға апта бойы бәсекелестік тудыруы керек деген пікірде. Алайда Войцех Щенсный әзірге бұл рөлді атқара алмай отыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова