Уругвай құрамасының қорғаушысы Рональд Араухо ресми түрде "Ливерпуль" ойыншысы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
27 жастағы футболшы клуб ауыстырғаны туралы ақпаратты ағылшын клубының баспасөз қызметі жариялады. Уругвайлық қорғаушы "Барселонадан" "Ливерпульге" жалға ауысқан. Келісім бір маусымға есептелген.
Рональд Араухо каталониялық клуб сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келді. Осы уақыт ішінде ол үш рет Испания чемпионы атанып, Испания суперкубогын үш мәрте жеңіп алды. Сонымен қатар, екі рет Испания кубогының иегері болды.
Transfermarkt мәліметінше, Рональд Араухоның нарықтағы құны 20 миллион еуроға бағаланады. Оның "Барселонамен" келісімшарты 2027 жылғы 30 маусымға дейін жарамды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз