"Барселона" жартылай қорғаушы Родриді қатарға қосқанын ресми түрде жариялады. Каталондық клуб 30 жастағы испаниялық футболшы "Манчестер Ситиден" ауысқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңа ойыншымен келісімшарт 2030 жылғы 30 маусымға дейін есептелген.
Айта кетейік, Родри - 2024 жылғы "Алтын доп" иегері және өз буынында Испанияның ең көп жүлде алған жартылай қорғаушыларының бірі.
БАҚ мәліметінше, трансфердің кепілдендірілген сомасы - 60 миллион еуро. Бұдан бөлек, "Барселона" "Манчестер Ситиге" қолжетімді бонустар ретінде тағы 11 миллион еуро төлеуі мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!