“Барселона“ мерзімінен бұрын чемпион атанды

“Барселона“ мерзімінен бұрын чемпион атанды
Фото: ©x.com/FCBarcelona

"Барселона" футболдан Испания чемпионатының 2024/25 маусымында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

36-тур аясындағы каталониялық дербиде барселоналықтар сырт алаңда "Эспаньолмен" ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 53-минутында Ламин Ямаль айып алаңынан тысқары жерден керемет соққы жасап, қақпаның тоғыздығын дәл көздеді.

Қорытынды есепті Фирмин Лопес 95-минутта белгіледі. Оған гол соғуға Ямаль пас берді.

Айта кетейік, 80-минутта "Эспаньол" қорғаушысы Леандро Кабрера қызыл қағаз алып, алаң қожайындары аз құраммен қалды.

Осылайша "Барселона" Ла Лига аяқталуына екі тур қалғанда басты қарсыласы "Реалды" жеткізбей кетті. "Барсада" 85 ұпай, ал мадридтіктер активінде 78 ұпай.

Ла Лига тарихында чемпиондық атақ саны бойынша "Реал Мадрид" көш бастап тұр: 36 мәрте жеңімпаз. Ал "Барселона" 28 рет чемпион болған екен.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget