“Барселона“ Мадридте “Атлетиконы“ ұтып кетті

"Барселона" Испания чемпионатында мадридтік "Атлетиконы" 2:1 есебімен жеңіп, турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Massaget.kz. 

Кездесудің 10-минутында Хулиан Альварестің пасынан кейін Джулиано Симеоне есеп ашты.

Алаң иелері басымдығын бірінші таймның соңына дейін сақтады. Алайда 45-минутта "Атлетиконың" айып алаңындағы қарбаласты ұтымды пайдаланған Фермин Лопес есепті теңестірді.

66-минутта Фермин Лопес Ламин Ямальдың дәл пасын голға айналдырып, дубль жасап, каталониялық команданы алға шығарды. Қорытынды есеп — 2:1, "Барселонаның" сырт алаңдағы жеңісі.

"Барселона" бірінші орнын сақтады

Осы матчтың алдында "Реал" сырт алаңда "Валенсияны" 3:0 есебімен жеңіп, ұпай саны бойынша "Барселонамен" теңескен еді. Ал "Атлетико" жеңіске жеткен жағдайда көш басына шығатын мүмкіндікке ие болды.

14 турдан кейін "Барселона" 33 ұпаймен чемпионатта көш бастап тұр. "Реал" 30 ұпаймен екінші, ал "Атлетико" 28 ұпаймен үшінші орында келеді.

Бірінші айналымда көшбасшы үш команда арасындағы кездесулердің барлығы 2:1 есебімен аяқталды. "Атлетико" "Реалды" жеңіп, "Барселонадан" ұтылды. Ал каталониялық клуб Эль-Класикода мадридтіктерге есе жіберді.

Ла Лиганың 14 турдан кейінгі кестесі:

"Барселона" — 33 ұпай;
"Реал Мадрид" — 30 ұпай;
"Атлетико Мадрид" — 28 ұпай;
"Реал Бетис" — 26 ұпай;
"Реал Сосьедад" — 22 ұпай.