"Барселона" футбол клубы құрдымға кетуі мүмкін – The Telegraph

28 қыркүйек күні "Барселона" футбол клубына бұрынғы Испания төрешілер федерациясының вице-президенті Хосе Негрейраға пара бергені жайлы ресми айып тағылды. Бұл команданың болашағына түбегейлі әсер етуі мүмкін. 

The Telegraph басылымы ақпараты бойынша командаға банкрот жарияланып, клуб таратылуы да мүмкін. 

Егер тағылған айып дәлелденіп, кінәлілер анықталатын болса, онда олар 3 жылдан 6 жылға дейінгі аралықта түрмеге қамалады. Ал 124 жылдық тарихы "Барселона" кәсіби футбол командасы ретінде жұмысын тоқтатып, банкротқа ұшырауы мүмкін, - деп жазады басылым. 

Бұған дейін каталондық клубтың өзіне қарсы басталған сот тергеуі туралы ресми хабарламаны әлі алмағаны және қазіргі уақытта ашық мәлімдеме жасамайтыны хабарланған болатын.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ