“Барселона“ 19 жастағы талантты футболшыны Еуропаның атақты клубтарының біріне сатты

“Барселона“ 19 жастағы талантты футболшыны Еуропаның атақты клубтарының біріне сатты
Фото: depositphotos.com/ RFarrarons

Каталониялық "Барселонаның" сол қапталдағы қорғаушысы Хофре Торрентс карьерасын Амстердамның "Аякс" клубында жалғастырады. Нидерландтық клуб ресми түрде 19 жастағы испаниялық футболшымен келісімшартқа отырғанын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, "Барселона" өз академиясының түлегін сатудан шамамен 5-6 миллион еуро табады. Сонымен қатар, каталониялық клуб футболшының болашақтағы қайта сатылымынан түсетін қаржының 50 пайызын алу құқығын сақтап қалады.

Хофре Торрентстің "Аякспен" келісімшарты 2030 жылғы жазға дейін есептелген.

Айта кетейік, Хофре Торрентс - "Барселона" академиясының түлегі. Қорғаушы каталониялық клубтың негізгі командасы сапында бар болғаны төрт матч өткізіп, негізгі құрамнан тұрақты орын ала алмады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget