"Бәрін өздеріңіз көрдіңіздер". Қонқабаев Олимпиададағы сенсациялық жеңілісі туралы

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Қаишыбек Қонқабаев Париж Олимпиадасындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы, Токио ойындарының қола жүлдегері Париждегі бірінші айқасында-ақ жеңіліп қалды. 

"Кімнің қолын көтерді, сол жеңді. Нәтижені қабылдаймыз. Бәрін өздеріңіз көрдіңіздер. Бар күшімді салдым. Біздің қалған боксшыларға жанкүйер болуға шақырамын", - дейді Қамшыбек жекпе-жектен кейін. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!