Аралас жекпе-жек бапкері Руслан Булгучев Петербургте болған жаппай төбелес кезінде зардап шекті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Басылым мәліметінше, 27 жастағы ММА бапкері Руслан Булгучев 30 шақты адам қатысқан төбелесте жарақат алған. Жанжал кезінде адамдардың бірі тапанша алып шығып, алдымен ауаға кейін жан-жағына ата бастаған. Төбелесіп жатқандардың бәрі қаша жөнелген, ал Булгучев жерге құлап, сол жерде жатып қалған.
Дәрігерлер бапкердің кеудесі мен жамбасына оқ тигенін анықтаған. Булгучевті кемі төрт рет атқан, алайда, оған көмек көрсетілгеннен кейін ол ауруханадан кетіп қалған.
Бұл төбелесте ресейлік белгілі блогер әрі поп-ММА файтері Артём Тарасов та болғаны айтылды.