Бангкокта (Таиланд) World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында алғаш рет халықаралық Futures Cup турнирі өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бапкерлер штабы осы байрақты бәсекеге қатысатын ұлттық құрама тізімін жариялады.
Ерлер
- 50 келіге дейін: Арман Мырсәбит
- 55 келіге дейін: Едіге Нұрғожа
- 60 келіге дейін: Досжан Жұмақан
- 65 келіге дейін: Даниял Шалқарбай
- 70 келіге дейін: Бибарыс Әшірбай
- 75 келіге дейін: Хамза Мақсатұлы
- 80 келіге дейін: Тимур Тайбеков
- 85 келіге дейін: Нұрсұлтан Қыстаубай
- 90 келіге дейін: Жалғас Утебеков
- 90 келіден жоғары: Владислав Саможонов
Әйелдер
- 48 келіге дейін: Асылай Мұрат
- 51 келіге дейін: Айым Танкибаева
- 54 келіге дейін: Марал Төлепберген
- 57 келіге дейін: Ақнұр Тұрсынғали
- 60 келіге дейін: Жасмин Абрамян
- 65 келіге дейін: Айсұлу Мұхит
- 70 келіге дейін: Камила Оспанова
- 75 келіге дейін: Зарина Толыбай
- 80 келіге дейін: Айдана Убайдуллақызы
Айта кетейік, турнир 8-15 наурыз аралығында өтеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!