Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы Германияның Дортмунд қаласында өтетін гран-при сериясындағы халықаралық турнирге қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы жарысқа 20 балуанды тіркеді:
- 55 келіге дейін: Арсен Жұма
- 60 келіге дейін: Айбек Айтбеков, Аманғали Бекболатов
- 63 келіге дейін: Ғалым Қабдунасаров, Айдос Сұлтанғали, Еркебұлан Ардақов, Дәулет Әшірханов
- 67 келіге дейін: Бағдат Сабаз
- 72 келіге дейін: Алматбек Аманбек, Мәди Данелов, Данияр Каленов
- 77 келіге дейін: Юсуф Ашрапов, Мерей Мәулитқанов
- 82 келіге дейін: Ибрагим Магомадов, Омар Сатаев, Завен Акобян
- 87 келіге дейін: Диас Кален, Тимур Оспанов
- 130 келіге дейін: Джохар Узарав, Әлішер Ерғали
Айта кетейік, турнир 14-16 тамыз аралығында өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!