Балуандар Германиядағы гран-при турнирінде бақ сынайды

Балуандар Германиядағы гран-при турнирінде бақ сынайды
Фото: ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы Германияның Дортмунд қаласында өтетін гран-при сериясындағы халықаралық турнирге қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы жарысқа 20 балуанды тіркеді:

  • 55 келіге дейін: Арсен Жұма
  • 60 келіге дейін: Айбек Айтбеков, Аманғали Бекболатов
  • 63 келіге дейін: Ғалым Қабдунасаров, Айдос Сұлтанғали, Еркебұлан Ардақов, Дәулет Әшірханов
  • 67 келіге дейін: Бағдат Сабаз
  • 72 келіге дейін: Алматбек Аманбек, Мәди Данелов, Данияр Каленов
  • 77 келіге дейін: Юсуф Ашрапов, Мерей Мәулитқанов
  • 82 келіге дейін: Ибрагим Магомадов, Омар Сатаев, Завен Акобян
  • 87 келіге дейін: Диас Кален, Тимур Оспанов
  • 130 келіге дейін: Джохар Узарав, Әлішер Ерғали

Айта кетейік, турнир 14-16 тамыз аралығында өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget