Балуандар Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды

Балуандар Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды
Фото: UWW

Қазақстан грек-рим күресінен Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Еркебұлан Анапия 82 келіге дейінгі салмақта финалда Иран өкілі Алиреза Мохаммад Хоссейниден жеңіліп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

60 келіге дейінгі салмақта Алпамыс Болатұлы қола жүлде үшін өткен белдесуде жапониялық Юсукэ Хиротаны тізе бүктірді.

97 келіге дейінгі салмақта Максим Украинцев қола медаль үшін өткен айқаста Қытай өкілі Синью Люді жеңді.

Еске салайық, бұған дейін де қоржында үш медаль бар екені хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget