Балуандар әлем чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржыны тағы үш медальмен толықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

87 келіге дейінгі салмақта белдескен Темірлан Тұрдақын әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Финалда отандасымыз Иран балуаны Ясин Али Яздиге есе жіберді.

Сондай-ақ, Арсен Жұма (55 келіге дейін) мен Жохар Узaров (130 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Еске салайық, бұған дейін Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) пен Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) әлем чемпионы атанған еді.

Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының еншісінде бес медаль бар. Оның екеуі - алтын, біреуі - күміс, екеуі - қола.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!