Балуан Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Балуан Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық балуан 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Шри-Ланка өкілі Нетми Ахинса Фернандоны айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Нилуфар Раимова Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті қола медальді салды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) қола алды

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!