Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Валентина Исламова-Брик топ жарды. Әйелдер арасындағы 50 килоға дейінгі салмақта қазақстандық балуан қызға тең келер қарсылас табылмады.
Бірінші белдесуінде Валентина үндістандық Самита Самитаны 8:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге шықты. Одан кейін моңғолиялық Анудари Надинцецегті айқын ұтты.
Қазақстандық балуан жартылай финалда қытайлық тайпей спортшысы Юнг Сан Линді 4:0 есебімен ұтып, финалға шықты. Алтын медаль үшін өткен белдесуде Өзбекстаннан келген Жасмина Иммаеваны 10:0 есебімен уақытынан бұрын ұтып, Азия чемпионы атанды.
Бүгінгі жарыс күнінде Валинтина Исламова-Бриктен бөлек 76 килоға дейінгі салмақта Эльмира Сыздықова да финалға шықты. Ол аз уақыттан кейін қырғыз қызы Айпері Медетқызымен күреседі.