Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан "Ұлы жібек жолы" халықаралық бәсекесінің финалында қазақстандық бес бірдей боксшы жұдырықтасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан боск федерациясына сілтеме жасап.
Соңғы болып жерлестерімізден ақтық айқасқа 71 келіде Дархан Дүйсебай шықты. Жартылай финалда ирандық Касра Тахмасевимен кездескен жерлесіміз ара-қашықтықты сақтай жүріп, қарсыласына лайықты жауап қатып отырды.
Соққыларын әлдеқайда дөп тигізуінің арқасында төрешілер бірауыздан Дарханды жеңімпаз деп таныды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!