Қазақстан ерлер құрамасы батуттағы гимнастикадан Әзербайжанның Баку қаласында өткен Әлем кубогының алғашқы кезеңінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Батутта секіру бағдарламасында қазақстандық спортшылар екі рет финалға жолдама алды.
Жекелей сайыста шешуші кезеңге Роман Барков шығып, жарыс нәтижесі бойынша сегізінші орынды иеленді.
Ал синхрон секіруде Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов бесінші орынға тұрақтады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова