Көркем гимнастикадан Бакуде (Әзербайжан) өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Халықаралық гимнастика федерациясының мәліметіне сәйкес бұл турнирде Қазақстан құрамасынан жеке сында екі спортшы өнер көрсетеді.
Құрамға Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева енді.
Айта кетейік, жуырда Францияның Тье қаласында өткен гран-при кезеңінде Ақмарал Ерекешева екі күміс және екі қола медаль жеңіп алған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!