"Бешикташ" футбол клубында ойнайтын қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов бір ойынға шеттетілді. Ол кеше "Истанбулспорға" қарсы өткен ойында сары қағаз алып қалды.
Түркия Суперлигасының 27-турында "Бешикташ" сырт алаңда ойнады. Бахтиер 87-минутта ойынға шығып, 94-минутта қарсыласын қолмен қағып жібергені үшін төрешіден ескерту алды. Бұл оның осы маусымдағы төртінші сары қағазы болды. Нәтижесінде келесі турда болатын "Галатасарайға" қарсы ойынға қатыспайды.
Ойында Бахтиердің командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық ойыншы осы маусымда 23 матчқа қатысып, әзірге гол соққан жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!