Бағасы 10 миллион доллар. Роналду қымбат көлігін көрсетті

Бағасы 10 миллион доллар. Роналду қымбат көлігін көрсетті
Фото: instagram.com/cristiano/

"Аль-Наср" мен Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду алғаш рет коллекциясынан жаңа көлігін көрсетті. Бұл туралы Tengri Sport жазды.

38 жастағы шабуылшы 10 миллион долларлық ерекше Bugatti көлігімен Мадрид көшелерінде жүрген.

Шетелдік БАҚ-тың  хабарлауынша, Роналду Испания астанасына Португалия құрамасында ойнағаннан кейін келген.

"Криштиану сүйіктісі Джорджина Родригеспен қымбат мейрамханаға барды, содан кейін эксклюзивті Bugatti Centodieci суперкарымен көпшілік алдына шықты", - деп жазады дереккөздер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alber Muncha (@alberam17)

Қымбат көлік сағатына 386 шақырым жылдамдықпен жүре алады.

"Криштиану, Криштиану" деп айқайлаған жанкүйерлер футболшы мен Джорджинаны жібермей қойған. Содан кейін күзетшілердің араласуынан кейін ғана олар мекемеден шыға алған.


"Реал Мадридтің аты аңызға айналған экс-футболшысы Криштиану Роналду кеше түнде Мадридте өзінің 1600 ат күші бар Bugatti Centodieci екі орындық көлігін жүргіізіп келе жатқанын байқадық. Көліктің жалпы он данасы ғана шығарылған", - деп жазады Marca.

Айта кетейік, Роналду "Аль-Наср" клубына МЮ-ден арадағы даудан кейін ауысты. Қазір Португалия ұлттық құрамасының капитаны Еуропа іріктеу матчында  4 гол соғып, сұрмергендер қатарында келе жатыр.

Т. Раушанұлы