Азия Пара ойындары: Қазақстан тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Азия Пара ойындары: Қазақстан тағы екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: Ұлттық паралимпиада комитеті

Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында тағы екі алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Тасжолдағы велоспорттан ерлер арасындағы В санатында Наиль Ермұханбет 65 шақырымды 2 сағат 1 минут 21 секундта жүріп өтіп, алтыннан алқа тақты. Ал Кирилл Илюкевич 2 сағат 11 минут 42 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдегер атанды.

Әйелдер арасында 55 шақырым қашықта Анастасия Калаус алтын медаль жеңіп алды. Жұлдыз Қайнарова күміс медальға ие болды.

Сондай-ақ, Азия Пара ойындарында пара пауэрлифтингтен Қазақстан ерлер командасы 412.09 коэффициентпен қола медаль еншіледі. Команда қатарында Давид Дегтярев, Ерболат Кәрібай мен Станислав Шакиев өнер көрсетті.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында жалпы 48 медаль бар: 12 алтын, 15 күміс, 21 қола.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget