Азия ойындарының алдында Елдос Сметовке қатысты шешім қабылданды

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы 2026 жылы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде өнер көрсететін қазақстандық дзюдошылардың тізімі мынадай:

Ерлер

  • 60 келіге дейін: Елдос Сметов
  • 66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев
  • 73 келіге дейін: Бақытжан Абдурахманов
  • 81 келіге дейін: Алмат Әділет
  • 90 келіге дейін: Айдар Арапов
  • 100 келіге дейін: Марат Байкамуров
  • 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер

  • 48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова
  • 52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова
  • 57 келіге дейін: Дана Әбдірова
  • 63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова
  • 70 келіге дейін: Ажар Асхат
  • 78 келіге дейін: Екатерина Токарева
  • 78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова

Айта кетейік, Азия ойындарында дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылады.

Еске салайық, жуырда Қытайдың Циндао қаласында өткен гран-при сериясындағы халықаралық турнирде Елдос Сметов Ресей өкілі Аюб Блиевтен жеңілді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!