Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы 2026 жылы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Байрақты бәсекеде өнер көрсететін қазақстандық дзюдошылардың тізімі мынадай:
Ерлер
- 60 келіге дейін: Елдос Сметов
- 66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев
- 73 келіге дейін: Бақытжан Абдурахманов
- 81 келіге дейін: Алмат Әділет
- 90 келіге дейін: Айдар Арапов
- 100 келіге дейін: Марат Байкамуров
- 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев
Әйелдер
- 48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова
- 52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова
- 57 келіге дейін: Дана Әбдірова
- 63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова
- 70 келіге дейін: Ажар Асхат
- 78 келіге дейін: Екатерина Токарева
- 78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова
Айта кетейік, Азия ойындарында дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылады.
Еске салайық, жуырда Қытайдың Циндао қаласында өткен гран-при сериясындағы халықаралық турнирде Елдос Сметов Ресей өкілі Аюб Блиевтен жеңілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова