Бірер күннен кейін Аичи-Нагояда (Жапония) ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі мынадай:
- Алуа Балқыбекова. 2026 жылғы Азия ойындарында боксшы 51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайды. Аичи-Нагоя-2026 Алуа Балқыбекованың мансабындағы алғашқы Азия ойындары болмақ.
- Назым Қызайбай. Назым Қызайбай Аичи-Нагояда өтетін Азия ойындарында 54 келіге дейінгі салмақта бақ сынайды. Ол мансабында Азиаданың алғашқы медалін жеңіп алу үшін таласқа түседі.
- Виктория Графеева. Азия ойындарында былғары қолғап шебері 60 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шығады.
- Аида Әбікеева. Қазақстандық боксшы биыл алғаш рет Азия ойындарында ел намысын қорғайды.
- Наталья Богданова. Аичи-Нагоя-2026 жазғы Азия ойындарында Наталья Богданова 75 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шығады.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте өтеді. Ал бокс бәсекелері 21 қыркүйекте басталады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!