Азия ойындарына қатысатын қазақстандық каратешілер белгілі болды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын каратэшілер тізімі белгілі болды. Ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін ұлттық құрама бапкері Тарек Абдессалам жариялады. 

Азия ойындарында қазақстандық каратешілер 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. 

Ерлер: 

60 кило: Қайсар Алпысбай
67 кило: Дидар Әмірәлі
75 кило: Нұрқанат Әжіқанов
84 кило: Данияр Юлдашев

Әйелдер: 

50 кило: Мөлдір Жаңбырбай
61 кило: Әсел Қанай
68 кило: Лаура Әліқұл
+68 кило: Софья Берульцева

Қазіргі таңда отандық каратэшілер Франциядағы халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!