23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоуда (Қытай) Азия ойындары өтеді. Бүгін сары құрлықтың басты бәсекесіне қатысатын боксшы қыздарымыз белгілі болды.
Ұлттық құрама сапында жарысқа Назым Қызайбай (51 кило), Жайна Шекербекова (54 кило), Карина Ибрагимова (57 кило), Римма Волосенко (60 кило), Наталья Богданова (66 кило) және Валентина Хальзова (75 кг) қатысады.
Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстанның туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Надежда Дубовицкая көтеріп шығады.
Азия ойындарында 40 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады.