- Негізгі бет
- Спорт
- Азия ойындарына қатысатын...
Азия ойындарына қатысатын қазақ дзюдошылары белгілі болды
Дзюдодан Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды. Олар сары құрлықтың басты додасында бақ сынап, жүлделі орын үшін барын салатын болады.
Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Қазақстаннан 33 спорт түрінен 525 спортшы бақ сынайды.
«Бүгінде ұлттық құрама Алматы облысындағы Олимпиадаға даярлау орталығында Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып жатыр. Әрине, жылдың басты додасы саналатын жарысқа құраманы жасақтау бізге оңайға соққан жоқ. Себебі қазіргі таңда құрамада барлық салмақ бойынша бәсеке өте жоғары. Соған қарамастан біз спортшылар 2023 жылдың басынан бері қатысқан Гран-при, Grand Slam сынды ірі әлемдік жарыстардағы нәтижесіне қарай іріктеп алынды. Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, жанкүйерлерді қуанту үшін бар күшімізді саламыз», - дейді дзюдодан Қазақстан ерлер құрама командасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов.
Ерлер құрамасы:
Мағжан Шамшадин (60 кило),
Гұсман Қырғызбаев (66 кило),
Данияр Шамшаев (73кило),
Абылайхан Жұбаназар (81 кило),
Дидар Хамза (90 кило),
Нұрлыхан Шархан (100 кило),
Ғалымжан Қырықбай (+100 кило).
Әйелдер құрамы:
Әбиба Абужакынова (-48 кило),
Ғалия Тынбаева (52 кило),
Севара Нышанбаева (-57 кило),
Эсмигул Куюлова (-63 кило),
Анастасия Маякова (-70 кило),
Аруна Жангельдина (-78 кило),
Камила Берліқаш (+78 кило).
Азия ойындарына дейін қазақ дзюдошылары 22-24 қыркүйек аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін "Үлкен дулыға" турниріне қатысады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай