Таеквондодан Аичи-Нагоядағы (Жапония) XX жазғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Құрама сапында жеті спортшы бар.
Әйелдер арасында
- 49 келіге дейін: Рита Бакишева
- 57 келіге дейін: Тоғжан Қазынабек
- 67 келіден жоғары: Назым Махмұтова
Ерлер арасында
- 58 келіге дейін: Тамирлан Тілеулес
- 68 келіге дейін: Самирхон Абабакиров
- 80 келіге дейін: Батырхан Төлеуғали
- 80 келіден жоғары: Бейбарыс Қаблан
Айта кетейік, Азия ойындарындағы таеквондо жарыстары 1-3 қазан аралығында Нагоя қаласында өтеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова