Дәстүрлі аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Еркінғали Бүркіталин Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстандық файтер 77 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Еркінғали Бүркіталин алтын жүлде үшін өткен ақтық бәсекеде Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевті 3:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Еркінғали Бүркіталин Қазақстан құрамасы қоржынына бесінші алтын медальді салды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!