- Негізгі бет
- Спорт
- Азия ойындары: ауыр...
Азия ойындары: ауыр атлетикадан алғашқы жүлде қоржынға түсті
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына ауыр атлетикадан алғашқы медаль түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта Александр Уваров қоссайыс нәтижесінде 348 кг зілтемірді (154+194) ырқына көндіріп, қола медаль жеңіп алды.
Солтүстік Корея спортшысы Чон Сон Ри 364 келімен Азиада рекордын тіркеп, алтыннан алқа тақты. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, өзбекстандық Мухаммадкодир Таштемиров күміс жүлдеге қол жеткізді (351 кг).
Бұл сайыста тағы бір қазақ атлеті Еламан Сейітқазы 4-сатыға табан тіреді. Ол жалпы 343 кг тасты бағындырды.
Енді Қазақстан делегациясының еншісінде 51 медаль болды. Оның бесеуі алтын, 11-і күміс, 35-і қола.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан