Вьетнаның Дананг қаласында өтіп жатқан V Азия жағажай ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті. Ашық суға жүзуде қазақстандық Виталий Худяков бірінші келді.
10 шақырым қашықтықта жүзуде Виталий Худяков алтыннан алқа тағынды. Ол аталған қашықтықты 2 сағат 2 минут 7 секундта жүзіп өтті. Күміс жүлдені қытайлық Ванг Венхао (2:04:55.9) иеленсе, қола медальға Мохаммед Салах (2:06:20.4) ие болды.
Əйелдер арасында 5 шақырымдық қашықтықта Ксения Романчук 5-ші орынға тұрақтады.
V Азия жағажай ойындары 3 қазан күні аяқталады.