7-14 сәуір аралығында Астанада күрестен Азия чемпионаты өтеді. Бүгін жарысқа қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.
Бас жаттықтырушы Қайрат Сағадиев құрлық додасында жуырда Алматы қаласында өткен VI жазғы ҚР Спартакиадасында топ жарған балуандарға сенім артады. Олар: Эллада Махяддинова (50 кг), Алтын Шағаева (53 кг), Марина Седнева (55 кг), Нилуфар Раймова (57 кг), Диана Каюмова (59 кг), Ирина Кузнецова (62 кг), Альбина Қайыргельдинова (65 кг), Елена Шалыгина (68 кг), Жамила Бақбергенова (72 кг) және Эльмира Сыздықова (76 кг);
Айта кетейік, күрестен Азия чемпионаты Астана қаласында осымен 2-рет өтеді. Алғаш рет елордада 2014 жылы сәуірде сары құрлықтың таңдаулы боз кілем шеберлері сынға түскен. Сол кезде Қазақстан құрамасы 5 алтын, 2 күміс пен 7 қола жүлдеге қол жеткізіп, жалпы есепте Ираннан кейін 2-орын алған еді.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!