Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.
Бүгін ерлер құрамасынан алғаш болып Оразбек Асылқұлов шаршы алаңға шықты.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта Филиппин өкілі Пол Джулифер Басконды айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша Оразбек Асылқұлов ширек финалда жапониялық Шунсуке Китамотомен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Жазира Орақбаева (51 келіге дейін), Элина Базарова (54 келіге дейін) және Римма Волосенко (60 келіге дейін) жарысты аяқтаған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!