Азия чемпионаты: Нұрбек Оралбай алтын үшін бақ сынайды

Азия чемпионаты: Нұрбек Оралбай алтын үшін бақ сынайды
Фото: ҰОК

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Нұрбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 85 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда моңғолиялық Бариахан Доржбен қолғап түйістірді.

Алғашқы раундта жерлесіміз қарсыласын нокдаунға түсіріп, басымдыққа ие болды. Екінші және үшінші раундта да үстемдік еткен Нұрбек Оралбай төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша финалға жолдама алды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget