Азия чемпионаты: Қытайда бес жеңіл атлет бақ сынайды

Бүгін Қытайдың Чунцин қаласында жеңіл атлетикадан секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионаты басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Құрлық додасында Қазақстан құрамасы сапынан бес спортшы сынға түседі:

  • Надежда Дубовицкая (биікке секіру)
  • Елизавета Матвеева (биікке секіру)
  • Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру)
  • Мария Ефремова (үш қарғып секіру)
  • Полина Иванова (сырықпен секіру)

Айта кетейік, алғашқы жарыс күнінде Елизавета Матвеева, Надежда Дубовицкая және Анастасия Рыпакова өнер көрсетеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!