Азия чемпионаты: боксшы Төрехан Сабырхан финалда жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ақтық айқаста ол иорданиялық Зеяд Ишаишқа жол берді.

Төрехан Сабырхан алғашқы раундта 4:1 есебімен басым түсті. Екінші раундта қарсыласы есепті теңестіріп, үшінші раундқа боксшылар тең жағдайда шықты.

Соңғы раундта Зеяд Ишаиш басым болып, Төрехан Сабырхан жарысты екінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов чемпион атанған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!